Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Шымкент қаласындағы Цитадель туризм орталығына айналуда

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының туризм басқармасының қолдауымен жаңа туристік нысандармен танысу мақсатында "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының және бірнеше ірі қазақстандық турфирмалардың өкілдері ескі қалашықта орналасқан Цитадельге барды.

Шымкент қаласындағы Цитадель туризм орталығына айналуда

Ақпараттық турға қатысушылар қаланың көне тарихымен және "Ескі қалашық" кешенінің маңызды нысандарымен танысты. 

Сонымен қатар, тур аясында қонақтар "Қылует" бірегей этнографиялық мұражайын аралады. Онда қазақтардың ежелгі тұрмысымен және салт-дәстүрлерімен танысуға, сондай-ақ  қыш өнері бойынша шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік алды.

Айта өтейік, бұған дейін ескі қалашық аумағына гид-экскурсоводтарға арналған тест-тур ұйымдастырылған болатын.