Медицина • 12 Тамыз, 2020

Батыс Қазақстанда алғаш рет жүрекке күрделі операция жасалды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында дәрігерлер жаңа босанған әйелдің жүргеніе күрделі операция жасап, ажалдан арашалап қалды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық телеарнасына сілтеме жасап. 

Батыс Қазақстанда алғаш рет жүрекке күрделі операция жасалды

Дәрігерлердің айтуынша, ананың жүрегінде ақау жүкті кезінде байқалған. Дәрігерлер науқасты дереу бақылауға алып, шаранаға 8 ай болған уақытта әйелді босандырып алады. Дегенмен осы уақытқа дейін жүкті келіншектің жағдайы нашарлап, жүректегі аорта тамыры 7 см-ге дейін ұлғайыпты. Дәрігерлер сонда да тәйуекелге барып, ананы да, баланы да аман алып қалған. 

Айта кету керек, оралдық дәрігерлер мұндай күрделі операцияны алғаш рет жасап отыр.