Спорт • 12 Тамыз, 2020

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 тамызда Алматыда Асқар Салықбаев жетекшілік ететін МТК Глобал Қазақстан менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

Айтулы жарыста еліміздің үш бірдей былғары қолғап шебері өздерінің тұсаукесер кездесуін өткізеді. Олардың барлығының да есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. Мәселен, 28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев екі рет әлем және Азия чемпионаттарында күміс медальді иеленді. 26 жастағы Тұрсынбай Құлахметтің құрлық чемпионы және дүниежүзілік доданың қола жүлдегері деген атағы бар. 19 жастағы Талғат Шәйкен – жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтеріліп, жастар арасындағы Азия біріншілігінің жеңімпазы. 

Алматыдағы бокс кешінде жоғарыда есімдері аталған жігіттерден бөлек, Иса Ақбербаев, Сағадат Рахманқұлов, Сапарбай Айдаров, Абай Төлеш, Виктор Коточигов, Рай Сейітжанов, Нұртас Әжбенов, Нұрдос Төлебай, Әли Балоев, Нұржан Мақашбаев, Талғат Бертлеуов және тағы басқа жерлестеріміз өнер көрсетеді.