Коронавирус • 12 Тамыз, 2020

Әлия Назарбаеваның қоры қайырымдылық шараларын жалғастыруда

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдегі пандемия жағдайын байланысты, Әлия Назарбаеваның қоры қайырымдылық шараларын жалғастырып жатыр. Осы мақсатта қор ауруханаларға 233 оттегі концентраторы сатып алды. Медициналық жабдықтары бар қайырымдылық жүк Қытай Халық Республикасының шекарасынан өтті, енді бұл жүк алушылардың мекенжайларына жіберіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әлия Назарбаеваның қоры қайырымдылық шараларын жалғастыруда

Адам өмірі үшін те маңызды аппараттар Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар 17 ауруханаға жіберіледі. Қор логистика бойынша мониторинг жүргізеді және 17 аурухананың әрқайсысымен оттегі концентраттарын уақтылы және қауіпсіз жеткізу бойынша тығыз жұмыс жүргізеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тыныс алу аппараттарына мұқтаж медициналық мекемелердің тізімін ұсынды.

Оттегі концентраторы өкпе ауруларын емдеуде сығылған оттегіге қауіпсіз балама ретінде қолданылады. Аппарат оны пациентке жоғары концентрацияда - 90-95% мөлшерде береді. Айта кету керек, ауада оттегінің мөлшері шамамен 20% құрайды.

1

Осы игі амалға байланысты, Әлия Нұрсұлтанқызы  өзінің іnstagram-дағы парақшасында "Біздің гуманитарлық көмек дәрігерлерге коронавируспен күресте көмектеседі деп шын жүректен үміттенемін және дұға етемін, сондай-ақ Қытайдан Қазақстанға өмірлік маңызды аппараттарды тасымалдауға қатысқан барлық адамдарға алғыс білдіргім келеді" - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық пандемия кезінде Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның қоры халыққа азық-түлік себеттері, дәрі-дәрмектер, киім-кешек сертификаттары, сондай-ақ балаларды қашықтан оқыту үшін ноутбуктер сатып алу түрінде бірнеше рет қайырымдылық көмек көрсеткен еді.