Саясат • 12 Тамыз, 2020

Атырауда Сенат депутаттығына Сағындық Лұқпанов таңдалды

1171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолованың ақпаратына қарағанда, Сенат депутатын сайлауға  әр деңгейдегі мәслихаттардың 111 депутатының  105-і  қатысты. Олар үш кандидаттың арасынан лайықтыға таңдау жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Сенат депутаттығына Сағындық Лұқпанов таңдалды

"Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың бірі Сағындық Лұқпановқа 86 дауыс берілді. Бұл барлық дауыстың 82,69% процентін құрады. Ал, өзге кандидаттар Серік Смағұлов 11 (10,5%), Сағын Сейілханов 7 (6,73%) дауыс жинады" -деп хабарлады комиссия хатшысы Айнұр Аманжолова.