Саясат • 12 Тамыз, 2020

Ақмарал Әлназарова – Сенат депутаты

1077 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауына Қызылордада таңдаушылардың 50 проценттен астамы қатысқан, - деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмарал Әлназарова – Сенат депутаты

Сайлау қорытындысына арналған жиынды облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов ашып, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев қысқаша хабарлама жасады.

Айта кету керек, сайлау бюллетеніне кандидат ре­тінде тіркелген Ақмарал Әлназарова, Айдын Қай­рул­лаев, Мұрат Сәрсенбаев енгі­зілді.

Сайлау нәтижесінде басым дауыспен Ақмарал Әлназарова Қызылорда облысынан Сенат депутаты болып  сайланды. Оған мәслихат депутаттары 102 дауыс берген.