Сайлау қорытындысына арналған жиынды облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов ашып, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев қысқаша хабарлама жасады.
Айта кету керек, сайлау бюллетеніне кандидат ретінде тіркелген Ақмарал Әлназарова, Айдын Қайруллаев, Мұрат Сәрсенбаев енгізілді.
Сайлау нәтижесінде басым дауыспен Ақмарал Әлназарова Қызылорда облысынан Сенат депутаты болып сайланды. Оған мәслихат депутаттары 102 дауыс берген.