Аймақтар • 12 Тамыз, 2020

Солтүстік Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында екі адам көз жұмған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Солтүстік Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмды

11 тамыз күні сағат 15:20-да Қызылжар ауданы Пеньково ауылының маңындағы "Челябі – Новосібір" жолында "Toyota Camry" көлігін басқарған Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағв тұрғыны қарсы бағытқа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны басқарған "КамАЗ" автокөлігімен бетпе-бет соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Toyota Camry" автокөлігінің жүргізушісі және 1957 жылғы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. "КамАЗ" жүргізушісі зардап шеккен жоқ. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша енгізілді.

Бірқатар қажетті сараптама тағайындалып, жүргізілуде. Биылғы жылдың жеті айында СҚО-да 98 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 13 адам қайтыс болып, 129-ы жарақат алды. Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушыларды Жол қозғалысы қағидаларын қатаң ұстану қажеттігі туралы ескертеді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03