Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен шөптің салмағы 15 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.
- Жазасын өтеп жүрген сотталғандардың туған- туыстары, таныстары тыйым салынған заттарды әр түрлі әрекеттермен өткізбекші болады. Олар әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтарын біле тұра осылай жасайды. Жыл басынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481 бабымен 2 азаматқа айыппұл салынып, 3 азаматқа «ескерту» берілсе, 5 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды»,- деді департамент бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Мұрат Нәкенов.