Қазақстан • 12 Тамыз, 2020

Алик Шпекбаев саяси және қаржылық тәуекелдерді болжау жөніндегі халықаралық агенттігінің бас атқарушы директорымен скайп-колл өткізді

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онлайн-кездесу барысында Агенттік төрағасы Қазақстанның саяси жаңғыруының негізгі аспектілеріне, оның ішінде парламенттік оппозиция институтын енгізуге, саяси партиялар құру үшін оның мүшелерін кем дегенде екі есе азайтуға (40 мыңнан 20 мыңға дейін), партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастардың 30%-дық квотасына баса назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті новеллаларын таныстырды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Алик Шпекбаев саяси және қаржылық тәуекелдерді болжау жөніндегі халықаралық агенттігінің бас атқарушы директорымен скайп-колл өткізді

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша халықаралық стандарттарды тізбекті имплементациялау жүріп жатыр, оның айқын мысалдары – жала жабуды қылмыссыздандыру және бейбіт жиналыстарды реттеуді либерализациялау. Сонымен қатар, сарапшы қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ауқымды цифрландыру, бизнес-процестерді реинжинирингілеу және мемлекеттік аппаратты оңтайландыру негізінде мемлекеттік басқару жүйесінің «қайта жүктелуі» туралы ақпарат алды.

Өз кезегінде Нью-Йорк қаласынан кездесуге қатысқан Макки мырза Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың "органикалық" тәсілін жоғары бағалады.

2

"Сыбайлас жемқорлық – бұл көп қырлы мәселе, сондықтан да сіздің еліңізде қылмыстық заңнамаға сәйкес нақты өзгерістер енгізіп қана қоймай, сондай-ақ мемлекет пен қоғамды шынайы демократияландыруға бағытталған анағұрлым іргелі мәселелерге назар аударатыны қуанышты жағдай", - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, PRS Group басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы Қазақстанның азаматтық қоғам институттары мен жекелеген ерікті белсенділердің рөлі өсіп келе жатқанын оң бағалады.

Коронавирустық пандемияға қарамастан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықаралық ұйымдармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шетелдік мекемелермен онлайн-форматта конструктивті өзара әрекеттестікті жалғастыруда.