23 Қазан, 2013

АҚШ Қазақстанға 45 млрд. доллар қарыз

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 10-AKW karizАҚШ Қазақстанға 40-45 млрд. доллар қарыз. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Инвестиция тиімділігін зерттеу агенттігінің аға аналитигі Артем Устименконың мәліметіне қарағанда, АҚШ-тың өзге мемлекеттер мен тәуелсіз қорлардың алдындағы сыртқы таза қарызы 5,59 трлн. долларды құрайды. Ол қарыздың үлкен бөлігі Қытай мен Жапонияға тиесілі. АҚШ-тың Қытай мемлекетінің алдындағы қарызы 1,28 трлн. долларды құраса, Жапонияға ол 1,14 трлн. доллар қарыз екен.

Устименконың айтуы бойынша, АҚШ мемлекеттік қарызының ауқымдылығына қарамастан, қарыздың көлемін ұлғайтуға мүдделі. Себебі, әзірге оның федералды қаражатының тапшылығын түзейтін механизм құрылмай тұр.

Бұдан бұрын АҚШ мемлекеттік қарыз шектеуін көтеріп, ымыралы қаржы жобасын қабылдаған болатын. Бұл арқылы штаттардың техникалық дефолтқа түсу қаупінің беті қайтарылды. Қабылданған жобада мемлекеттік мекемелердің 2014 жылғы 15 қаңтарға дейінгі қызметіне кепілдік жасалған. Сондай-ақ құжатта АҚШ мемлекеттік қарызының көлемі 328 млрд. долларға өскені көрсетілген.

Айдар Өрісбаев.