Аймақтар • 13 Тамыз, 2020

Лисаковта "Desht Tho" онлайн-фестивалі өтті

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тур Хейердал атындағы үшінші "Desht Thor" халықаралық фестивалі алғаш рет оффлайн және desht-thor.webtraining.education сайты арқылы онлайн түрде өтті,  деп хабарлайды Egemen.kz

Лисаковта "Desht Tho" онлайн-фестивалі өтті

"Шараға белгілі тарихшы, археолог, қолөнерші, дизайнер мамандар қатысты. Басты тақырып – Ұлы дала төсіндегі ежелгі технологиялар мен мәдени коммуникациялар. Екі күнге созылған тарихи-танымдық шара барысында ежелгі өркениеттегі зергерлік, тоқыма, киіз басу, темір илеу сияқты өнер түрлерінің ерекшеліктері зерделенді.

Еуразия даласының көне мәдениетін зерттеу нәтижелері Қазақстанның әлем өркениетінің ілгерілеуіне негіз болған көптеген тарихи үдерістер мен құбылыстардың орталығы болғанын дәлелдеп отыр. Ал Қостанай облысы өзінің георграфиялық орналасуы жағынан әлем халықтарының ұлы қоныс аудару жолының қақ өтінде жатыр. Сондықтан Қостанай топырағы шығыс пен батыс, оңтүстік пен солтүстік халықтарының мәдениетіне ортақ көне археологиялық жәдігерлерге бай. Қостанай облысында андронов мәдениетінің ескерткіштері көп кездеседі.

Олардың ішінде Бестамақ, Лисаков, Алексеев, Қамысты сияқты әлемдік ғылымда белгілі болған ескерткіштер бар. Ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалі біздің облысымыз үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін үлкен оқиға. Фестиваль аясында биыл тұңғыш рет осы аймақты мекендеген көне тұрғындардың материалдық құндылықтарын жаңғырту, ежелгі технологиялар мен мәдени коммуникацияларды зерделеуге мүмкіндік туып отыр", деді мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.