Технология • 13 Тамыз, 2020

Электронды қызмет үлесі өсті

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев аймақтағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жай-күйін баяндады, деп жазады Egemen.kz

Электронды қызмет үлесі өсті

Қазіргі таңда, облыстағы жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдар 366 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

– 2020 жылдың 6 айында облыстағы қызмет беруші мекемелер тарапынан 1608263 қызмет көрсетілген. Электронды түрде қызметтер алу үлесі 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артып, нәтижесінде 88 пайызды құрап отыр, –деді Н.Талқанбаев.

2020 жылғы мамыр айынан бастап мемлекеттік қызметтер алу жүйесінің жаңа форматына сәйкес тұрғындарға электронды ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталығына келмей, "Электронды үкімет порталы", "eGov mobile" және Telegram қосымшасындағы "EgovKzBot2.0" боты арқылы алуға мүмкіншілік жасалған.

Қазіргі таңда халықтың қызмет алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс көлемінде 574 "өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы" жұмыс жасауда.