Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Қалалық аурухана қалыпты жұмысқа көшті

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталып, науқастардың азаюына байланысты   өңірдегі провизорлық, инфекциялық стационарлар жабылып, бірқатар ауруханалар қалыпты жұмысқа көшті. Соның бірі - көпбейінді қалалық аурухана.

Қалалық аурухана қалыпты жұмысқа көшті

19 маусым - 3 тамыз аралығында халыққа провизорлық стационар қызметін көрсеткен аурухана 10 тамыздан бастап жедел және жоспарлы түрде науқастарды қабылдауды қайта бастады. Осы күні ауруханаға 80-ге жуық науқас қаралып, оның ішінде 30-ы ем алуға жатқызылды.

Қазір амбулаторлы емханалар жолдамасы арқылы жоспарлы түрдегі науқастар портал бойынша ауруханаға жатқызылуда.