Түркістан облысы полицейлері Шымкент қаласының тұрғындарынан синтетикалық есірткі мен екі келіден астам марихуана тәркіледі. Бұл туралы Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

“Көкнар-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түлкібас ауданы Келте-Машат автожолында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “ВАЗ-21099” автокөлігін тоқтатып, тексерді. Жедел уәкілдер автокөлікті тінту кезінде есірткі заттары салынған полиэтилен пакеттерін тәркіледі. Ал, автокөліктің жүк салғышынан марихуана салынған қап алынды.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес , полиэтилен пакеттерде жалпы салмағы 1,5 грамм болатын синтетикалық есірткі сақталған. Ал өсімдік түптері, құрамында есірткі заты бар салмағы 2 кг-нан асатын “кептірілген марихуана” болып шықты. Сондай-ақ Сайрам ауданында синтетикалық есірткіні сатпақ болған тағы бір Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Күдіктіден жедел уәкілдер салмағы үш граммға жуық синтетикалық есірткі салынған төрт орама (пакетик) тәркіледі.
"Екі жағдайда да біз, альфа пирролидино валерофенон (немесе альфаPVP) синтетикалық есірткілерін тәркіледік", - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.
Бұл біздің тәжірибемізде алғаш рет орын алып отыр. Есірткінің бұл түрі синтетикалық санатқа жатады, яғни зертханалық жағдайда, басқаша айтқанда жасанды түрде өндіріледі. Бұл өте қауіпті психостимулятор. Ақ немесе қызғылт түсті кристалдар. Мұнымен есірткіге тәуелділік өте тез жүреді. Тыныс алу және жүрек қызметіне теріс әсер етеді. Ал мамандандырылған көмексіз соңы өлімге әкелуі мүмкін. Есірткі қылмыстарын ашу үшін бізге бірнеше ай жұмыс істеу керек екенін атап өткім келеді. Қылмыстың бұл түрі жасырын жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта аталмыш есірткілер Шымкенттен әкелінгенін анықтадық. Аталған екі жайт бойынша күдіктілер мегаполис тұрғындары болып шықты, олардың біреуі бұрын сотты болған. Ер адамдар қамауға алынды. Ұсталғандардың біріне қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ал екіншісі ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) тіркеліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды есірткіге байланысты қылмыс жасаудан сақ болуға, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіретін зиянды әдеттерден бас тартуға кеңес береді. Тәртіп сақшылары тұрғындарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Туристер Есік көлі мен Түрген шатқалына бара алмайды
Аймақтар • Бүгін, 10:22
Елордада коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қалай жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:11
Елімізде 35 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:58
Биыл Меркі-Шу-Бурылбайтал жолы ашылады
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Бас мүфти Рамазан айының басталуымен құттықтады
Видео • Бүгін, 09:45
Шығыс Қазақстанда бір апта ішінде 22 өрт тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 09:39
Қазақстандықтар наурыз айында 2900-ге жуық алтын құйма сатып алды
Қаржы • Бүгін, 09:35
Елімізде өткен тәулікте 1197 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Қазақстан бойынша өткен тәулікте 2016 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Нығматулин: Бұл ай – әрбір адамға рухани күш-жігер береді
Қоғам • Бүгін, 09:21
Асқар Мамин қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 09:12
ТОП-30 теннисшінің қатарына оралды
Теннис • Бүгін, 08:40
Өнер • Бүгін, 08:34
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Оқиға • Бүгін, 08:30
Саясат • Бүгін, 08:26
Үкімет • Бүгін, 08:17
Маман даярлаудағы маңызды тетіктер
Қоғам • Бүгін, 08:15
ARASHA отбасындағы агрессорлардан арашалайды
Қоғам • Бүгін, 08:12
Қарағандыда карантин күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 08:09
Үш жүз мыңнан астам адам екпе салдырды
Қоғам • Бүгін, 08:05
Бизнесте әйелдердің үлесі қандай?
Экономика • Бүгін, 07:59
Күрес • Бүгін, 07:59
Өнер • Бүгін, 07:57
Әлем • Бүгін, 07:56
Қытай Alibaba компаниясына айыппұл салды
Әлем • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:50
Мемлекет басшысының Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы
Президент • Бүгін, 07:44
20 млрд теңгеге жуық көлік салығы түсті
Экономика • Бүгін, 07:41
Іріктеуді ірі жеңіспен түйіндеді
Спорт • Бүгін, 07:39
Тұрлыханов президенттік қызметке қайта сайланды
Оқиға • Бүгін, 07:38
Үшінші бесжылдық: Меже мен міндет
Экономика • Бүгін, 07:35
Руханият • Бүгін, 07:33
Тарих • Бүгін, 07:31
Солтүстік Ирландиядағы жастар наразылығы
Әлем • Бүгін, 07:25
Бокс • Бүгін, 07:25
Павлодарда жағдай күрделене түсті
Коронавирус • Бүгін, 07:21
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Руханият • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінде «Ғылым апталығы» басталды
Ғылым • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар