Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

"Бәйтеректің" балалары жаңа мектепте оқиды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы жаңа ауданның бірі саналатын «Бәйтерек» тұрғын ауданында 600 орындық мектеп салынып жатыр. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова осы құрылыс басында болып, жаңа білім ошағына кірпіш қалады. Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Балайым Кесебаева мен Наталья Жұмаділдаева қатысты.

"Бәйтеректің" балалары жаңа мектепте оқиды

Осыдан 4 жыл бұрын Қызылорда-Жезқазған трассасының бойынан 6600 отбасына арналған «Бәйтерек» шағын мөлтек ауданы ашылған. Бүгінде бұл ауданға 70 отбасы қоныстанса, олардың мектеп жасындағы оқушылары қала орталығындағы мектептерге қатынап білім алуда.  

Мектеп 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында іске асуда. Білім ошағын салуға 1,2 млрд.теңге қаржы бөлінген. Жаңа мектеп жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек.

Алдағы 3 жылдың жоспарына сәйкес «Бәйтерек» шағын мөлтек ауданында мектеп жасындағы оқушылар саны 1500-ге жуық болады деп жоспарлануда. Жаңа мектеп орын тапшылығы мәселесін шешеді.

Айта кетейік, қазір облыста 8 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оқу жылына Қызылорда қаласынан және Жалағаш ауданынан 2 мектеп айдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп жыл соңында аяқталмақ.