Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Конкурстық іріктеу рәсімін бұзғаны үшін 15 әкімшілік іс қозғалды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, онда 25 мәселе қаралған. Бұл туралы Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында мәлімдеді.

Конкурстық іріктеу рәсімін бұзғаны үшін 15 әкімшілік іс қозғалды

Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған мәселелердің 14-і тәртіптік іс болған. Қалған отырыста Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың орындалуы, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы және мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдердің есебі қаралған.

Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін 2 мемлекеттік қызметшіге және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 6 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза көрілген.

Облыстағы мемлекеттік органдарда 26 тексеру жүргізіліп, 81 бұзушылық анықталған. Заңбұзушылықтардың негізгілері жұмыстан тыс уақытта артық жұмысқа тарту, «Б» корпусының бос әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсты өткізу рәсімдерін бұзу және азаматтың және жұбайының салық заңнамасына сәйкес өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы анықтаманы ұсынбауы болып отыр.

- Жыл басынан бері бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға –конкурстық іріктеу рәсімін бұзғаны үшін 15 әкімшілік іс қозғалып, мемлекет пайдасына 338010 теңге өндірілді, - деді Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.