«Тұмауға қарсы екпе негізінен созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға, жүкті әйелдерге, балалар мен медициналық қызметкерлерге салынады. Қазір облыста тұмауға қарсы екпенің 60 мыңға жуық дозасы бар. Тұмауға қарсы екпе қазан айынан бастап салынады. Сонымен бірге, қазір дифтерия, туберкулез, пневмокок, полиомиелит инфекцияларына қарсы, тағы да басқа екпелер емханаларда жоспарлы кестеге сәйкес салына бастады» деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.