Әлем • 14 Тамыз, 2020

Оңтүстік Америкада Абайдың 175 жылдығы аталып өтті

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың ұлы ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі Аргентинаның Росарио қаласындағы қазақ мәдени орталығымен бірлесіп онлайн-конференция ұйымдастырды.

Оңтүстік Америкада Абайдың 175 жылдығы аталып өтті

Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, Росарио қаласының әкімшілігі, оңтүстікамерикалық мемлекеттердің академиялық және іскер топтарының өкілдері, осы елдердің Бразилиядағы дипломатиялық миссияларының басшылары мен жұмысшылары, БАҚ өкілдері, мәдени орталықтың еріктілері қатысты.

Конференцияға қатысушылар Абайдың шығармаларына үлкен қызығушылық танытып, ашылуға жоспарланып отырған «Абай әлемі» мәдени орталығы мен Оңтүстік Америка елдерінде орналасқан ұқсас мекемелері арасында байланыс орнату, ұлы қазақ ойшылының өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми іс-шаралар, әдеби кештер мен көрмелер ұйымдастыру туралы ұсыныстар айтылды.