Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Атырауда мас жүргізуші 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арақ ішіп, рульге отырғанымен қоймай, аударылып қалған жүргізуші енді 8 жыл бойы көлік жүргізбейді. Сот оған осындай жаза қолданды.

Атырауда мас жүргізуші 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 12 тамызда сағат 23:10 шамасында «Атырау-Астрахань» бағытындағы жолда жанармай таситын «КамАЗ» көлігі аударылған. Жүргізушісі   Исатай ауданындағы Ақсай өзегі үстінен салынған көпірге келгенде рульге ие бола алмай қалған. Себебі...

«Аударылған «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде рульге отырған. Ол –Қызылқоға ауданындағы  Сағыз селосының 32 жастағы тұрғыны. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушы Исатай аудандық сотының қаулысымен   8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 20 күнге әкімшілік қамауға алынды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.