Руханият • 15 Тамыз, 2020

Түркістандағы музыкалық мектепке Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді

24 рет көрсетілді

Түркістан облысы, Отырар ауданы Шəмші Қалдаяқов ауылында Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен сазгердің ұлы Мұхтар Қалдаяқов «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа арналған еліміздегі алғашқы музейдің ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шәмші Қалдаяқовтың туып-өскен үйінің үлгісінде салынған «музей-үйі» демеушілердің есебінен жүзеге асты. Музей құрылысы кезінде даңқты сазгердің көзін көрген азаматтардың естеліктері есепке алынған.

«Шәмші Қалдаяқов - қалың қазақтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, ұлттық əн өнерінде айрықша із қалдырған сері сазгер, қазақ вальсінің королі. Дүйім жұрт мойындаған бірегей өнер иесі - Егемендігіміздің айбары саналатын əнұран музыкасының авторы. Сыршыл сезімге құрылған лирикалық әсем туындылар келешекте де халықпен бірге мәңгі жасай берсін»,-деді А.Райымқұлова.

Шəмші Қалдаяқовтың мандолинасы мен ҚР Ұлттық музейі сыйға тартқан композитордың бас киімі жəне өзге де қолданған бұйымдары мұражай төрінен орын алды.

"Осы елде туып - өскен Шәмші Қалдаяқов барша қазақтың мақтанышы екені белгілі. Ерекше талант иесінің есімін Түркістан қаласындағы музыкалық мектепке береміз, деп отырмыз. Алдына ескерткіш орнатылады. Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына биыл әлі талай іс-шаралар ойластырылған. Жалпы, Ұлы сазгердің өшпес туындыларын тек атаулы күндерде ғана емес, күнделікті насихаттау керек. Бұл өскелең ұрпақтың тәрбиесі үшін маңызды",- деді Өмірзақ Естайұлы.

Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойына арналған шаралар бұл күндері елдегі карантин жағдайына орай онлайн түрде өтетін болады. Республика бойынша сазгердің туған күніне арналған 100-ден астам онлайн жоба жүзеге аспақ.

Соңғы жаңалықтар

Жаңа мектептер жан сүйсіндіреді

Аймақтар • Бүгін, 20:32

Еуро тағы қымбаттады

Экономика • Бүгін, 17:05

Бәйтеректе өрт шықты

Аймақтар • Бүгін, 12:00

Ұқсас жаңалықтар