Аймақтар • 15 Тамыз, 2020

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанды газдандыру туралы айтты

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы қыста жеке тұрғын үйлер газбен жылытылады, деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанды газдандыру туралы айтты

«Бірқатар елді-мекендегі кварталішілік газбен жабдықтау желілері құрылысының барысын тексеріп, тұрғындармен кездестім. Железнодорожный елді-мекенінде газбен жабдықтау тарату желілерінің 100%, Промышленный- 80%, Көктал 1 - 70%, Көктал 2-де екі көшеде өткізу қалды. Бұл жұмыстар Агрогородок, Юго-Восток елді-мекендерінде де жүргізіліп жатыр.

Газ желілерін үйлерге жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Көктал-1/2, Железнодорожный, Промышленный, Агрогородок тұрғындары үшін " (Тілендиев даңғылы – Көктал – т/ж жолы – Бөкеев көшесі шекарасында) үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды берудің тегін рәсімі басталды. Ол үшін болашақ 4/2 және Ж.Жабаев 12/2 көшесінде фронт-кеңселер ашылды.

Аталған елді-мекендер, оның ішінде Агрогородок пен Юго-Востоктың тұрғындарының қосып алуына мүмкіндік бар.Тұрғындар үшін тегін есептегіштер қарастырылған. Елорданы газдандырудың өзі үш кезеңнен тұрады. ЖЭО-1/2 күзде газға ауыстырылады.

Кездесу барысында Көктал-2 және Агрогородок тұрғындары жарықтандыру, аялдама орнату, қосымша автобус бағытын іске қосу, жол құрылысы және т.б. мәселелерді көтерді», - жеп жазды Алтай Көлгінов.