Аймақтар • 17 Тамыз, 2020

Жергілікті тұрғын ауруханадан компьютер ұрлады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері ауруханадан компьютер ұрлаған күдіктіні анықтады. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Жергілікті тұрғын ауруханадан компьютер ұрлады

Шардара АПБ-не аудандық орталық ауруханадан ұрлық болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Арызда белгісіз адам ауруханаға қабылдау есігі арқылы кіріп, ашық қалған мәжіліс залында тұрған бір дана компьютерді (моноблок), клавиатурасымен қосып, жымқырып кеткені көрсетілген. Келтірілген шығын көлемі 230 мың теңгені құрады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді. Ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел–тергеу тобы құрылып, барлық қажетті шаралар іске асырылды. Жедел уәкілдер бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде, ауруханаға тиесілі техникалық құралдарды жымқырған күдіктінің жеке-басын анықтап, аудан көшелерінің бірінен "ізін суытпай" бір сағат ішінде табады.

Ол бұрын бірнеше рет сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті ұрлаған компьютерді азық–түлік дүкендерінің біріне өзіне қажетті заттар алып, кепілге қойып кеткен. Айғақты заттар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға құнды заттарыңызға барынша сақ болуды ескертеді.

Аулаңызға бейнебақылау камераларын орнатып, есіктеріңізге сенімді құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатуға кеңес береді. Мұндай қауіпсіздік шаралары сіздің бағалы заттарыңызға көзі түскен ұрылардың жолын кесетінін ұмытпаңыз.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15