Экология • 13 Тамыз, 2020

Тұмса табиғатпен тамырластық мектебі

799 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Биылғы Еріктілер жылында жаһандық пандемия салдарынан көптеген бастама жүзеге аспады. Әйтсе де, еріктілер өз жобасын дамытып,  қоғамның дамуына ықпал ететінін көрсетті.

Тұмса табиғатпен тамырластық мектебі

Осы қиын-қыстау кезеңде медицина қызметкерлері мен барша қазақстандықтарға көмек көрсететін еріктілерден басқа, өзектілігін жоғалтпайтын басқа да бағыттар бар, олардың қатарында қоршаған ортаны қорғау және адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруі мәселелерін шешуге бағытталған қозғалыс бар. «Тамыр» жабайы табиғатта болу мектебі – Іле-Алатау ұлттық паркінде экологиялық туризмді дамытуға бағытталған жаңа волонтерлік жастар жобасы. Мектептің немен айналысатыны және не мақсатта құрылғаны туралы біздің тілшіге жобаның авторы Әсел Исанова және кәсіби тау гиді, альпинизмнен 3-ші санатты нұсқаушы Александр Голованов айтып берді.

Әсел өзін табиғатқа және белсенді өмір салтына деген сүйіспеншілік атмосферасында өскен тәжірибелі тау туристі деп атайды, оның атасы көптеген жылдар бойы Іле-Алатауына туристерді апарды, анасы – Алматы мен Алматы облысы бойынша кәсіби гид, ал әкесі – саяхат пен джипингтің әуесқойы. Әселдің пайымдауынша, ұлттық парктің аумағында табиғат та, адамның өзі де қауіпсіз болуы керек, сондықтан да пікірлес адамдармен бірге «Тамыр» мектебін («Корень») құрды. Бұл ретте басты ниет – бастаманың Тянь-Шань шыршасындай «тамырын» тереңге жіберіп, Іле-Алатау Ұлттық паркіне келетін барлық әуесқойларды өз тау жүйесімен қамтуы, туған жеріне қамқорлық жасауға бей-жай қарамайтындардың күш-жігерін біріктіру.

Аюсай шатқалында ұлттық парктегі «Туранга» экологиялық туризмді дамыту жобасының авторларымен ынтымақтастық орнатқан еріктілер өздерінің шағын базалық лагерлерін орналастырды. Олар осы шатқалға келген адамдарға тегін нұсқау береді, келушілер өздеріне қауіпсіз, жайлы болу үшін және табиғатқа зиян тигізбеу үшін тауларда өзін-өзі қалай ұстау керектігін біле алады. Алайда бұл тек бірінші кезең, өйткені «Тамыр» командасының жоспарлары өте көп.

- Біз адамдарға табиғатта қауіпсіз жүруге байланысты теориялық және практикалық білім береміз. Білім беретін дәрістер арқылы бағдарламаның әрбір қатысушысы экологиялық ойлауға қосылады, сондай-ақ, олардың табиғатқа қатысты эмоционалдық интеллекті мен эмпатиясы арта түседі. Біз адамның жаны адам мен табиғат арасындағы көпір екеніне сенімдіміз, ол адамдардың қоршаған ортаға деген тұтынушылық көзқарасын өзгерте алады және табиғатқа келушілердің өзін де, табиғатты да адам баласының зиянды әсерінен қорғайды. Біздің командадағы әрқайсысымыздың табиғатпен қарым-қатынаста тәжірибеміз бар, біз «кеңселер» емеспіз. Біздің іс-әркетіміз бен жан-дүниеміз ниет тұрғысынан таза, мен нәтиже тамаша болатынына сенемін, - деп түсіндірді Әсел Исанова.

«Тамыр» айналысатын үш негізгі бағыт – білім беру, еріктілер қозғалысы және туристік жолдарды ұйымдастыру мен сараптауға көмектесу. Карантин аяқталған кезде волонтерлер өз дәрістерін қайта бастауға үміттенеді. Дәрісте альпинизмнің қазіргі нұсқаушылары, «Тамыр» жобасының мамандары –  Александр Голованов пен Михаил Нартов спикер ретінде сөз алады, сондай-ақ Іле-Алатау ұлттық паркінің нұсқаушылары Іле-Алатаудың бар байлығы мен өз жұмыстары, ұлттық парктің аумағында болуды қалай дұрыс жоспарлау керектігі жайлы егжей-тегжейлі айтып бермек. Жекелей және ұзақ уақытқа созылған тақырыптар – бұл өрттер және қоқыстарды жинау.

- Біздің міндетіміз нұсқаушылардың тәжірибесі мен жан-дүниесі арқылы Ұлттық парк туралы айту ғана емес, сонымен қатар олардың өздерін көрсету, немен айналысатынын айту. Өйткені көптеген адамдар нұсқаушылар жұмысының мәні неде екенін түсінбейді және көбінесе олардың негізгі міндеті – қоқысты жинау деп санайды немесе жастар айтатындай, олар келушілерді «мазалау» үшін қажет. Шын мәнінде, олардың негізгі қызметі – орманды, тауларды күту және бағып-қағу. Инспектордың әр күні аралап шығудан басталады. Әрбір инспекторға үлкен аумақ бекітіледі, ол оны маршрут бойынша айналып өтіп, флораның қандай күйде екенін, қанша жануар кездескенін және т.б. жазып алуы қажет. Сондай-ақ, нұсқаушылар Тянь-Шань шыршасының тұқымын жинап алып, оны өсіріп, содан соң белгілі бір уақыттан кейін, тауларға қайта отырғызу үшін питомникке береді. Тянь-Шань шыршасы өте баяу өседі! Өрттің жиі орын алуынан біз көптеген шыршаларды жоғалтамыз. Өрттердің негізгі себебі туристер дұрыс жақпайтын от, оның ішінде осы шыршалардың түбінде. Өрттер орманға түзетілмейтін зиян келтіреді және біз оны болдырмау үшін міндетті түрде жұмыс істейміз. Қоқысқа келетін болсақ, оны ұлттық парктің инспекторлары жинамауы тиіс. Олар сонда да тазалаумен айналысады, өйткені ұлттық паркті жан-тәнімен сезінеді, өздерінің тікелей жұмысы үшін қажетті көп уақытын осыған жұмсайды. Біз, еріктілер ретінде, көмекке келуге дайынбыз, бірақ біз біреудің артынан қоқысты мәңгі тазалай алмаймыз, сондықтан біздің міндетіміз туристердің қоқысты тастауын тоқтатуға қол жеткізу. Бұл дегеніміз, туристерді тәрбиелеу керек деген сөз және біз мұны біздің дәрістер арқылы тікелей тауларда, атап айтқанда, ұлттық парктің визит-орталығы базасында, ол жабдықталған кезде, сондай-ақ Алматыдағы Outdoor орталығында және қаладағы басқа да алаңдарда білім беру жобалары арқылы жасаймыз, - дейді еріктілер.

«Туранга» ең алдымен, әлемнің үздік ұлттық парктерінің тәжірибесіне, АҚШ-тың табысты ұлттық парктеріне бағдарланады, олар өз кезегінде бизнеске және еріктілерге тәуелді, осының есебінен дамитынын да көруге болады. Еріктілер – бұл ұлттық паркке көмекке қолын созатын адамдар. Студент болсын, ай сайын бір күнін тауларға көмек беруге арнағысы келетін банк қызметкері болсын, кез келген адам «Тамырдың» волонтері бола алады. Оның ішінде тек қоқыс жинау мәселесі ғана емес. Егер ерікті флора мен фаунамен айналысқысы келсе, онда инспектормен бірге тұқым жинауға, өсімдіктерге күтім жасауға және т.б. көмектесе алады. Жоба еріктілер үшін бірнеше түрлі қызмет бағыттарын қарастырады, сондықтан да адамдардың өздері бұл іспен асқан қызығушылықпен айналысады.

«Тамырда» бірнеше деңгейдегі мамандарды дайындамақ, олар ұлттық паркке көмегін тигізеді. Біріншіден, бұл – біз айтқан еріктілер. Екіншіден, консультанттар – бұл белгілі бір туристік тәжірибесі бар адамдар, олар тікелей ұлттық паркте туристерге тауда жайлы және қауіпсіз болу туралы кеңес береді. Бұдан әрі консультанттардан кейін скауттар жүреді – тәжірибелі мамандар, жобаның нұсқаушылары, олар терең білім алады. Одан да жоғары деңгей – бұл ұлттық саябақты күзетіп, инспекторларға көмектесетін рейнджерлер, дайындықтан өтіп, шыңдалған адамдар. Бұл мамандардың барлығы жаңа «рейнджерлік» формаға ие болады және олардың ұлттық парктердің қызметіндегі рөлі шешуші болуы тиіс. Болашақта «Тамыр» жобасы аясында тау гидтерін де оқыту жоспарлануда.

Тау гидінің үлкен тәжірибесі бар және Іле Алатауының барлық күрделі бағыттары мен соқпақтарын еңсерген Александр Голованов айтып өткендей, мұндай мамандық бізде әлі мамандықтар тізімінде жоқ.

- Қазір тау гидтерімен жағдай күрделі. Бұл кезекте адамдарды жинап, оларды тиісті дайындықсыз, білім мен дағдыларсыз тауға апаратын көптеген энтузиастар бар. Соңғы 3-4 жылда тау туристерінің ағыны бірнеше есе өсті және осы толқында көптеген тау Интернет-қауымдастықтары пайда болды. Бір жағынан, бұл – белгілі бір дәрежеде жағымды құбылыс, өйткені олар әлеуетті туристерге кем дегенде қажетті жабдықтар мен керекті білімнің тізімін береді. Адамдардың басым бөлігі, әдетте, тауларға өздері, көбінесе балалармен бірге, өз қорқыныштары мен қауіп-қатерлерінің жетегінде барады. Сондықтан біз тауларда мамандардың туристерді қалай іздегені және құтқарғаны туралы жаңалақтардан үнемі естиміз. Мен Әселдің «Тамыр» Жабайы табиғатта болу мектебін құру идеясын қолдадым, өйткені жағдайды өзгерткім келеді. Менің альпинизм нұсқаушысы деген ресми статусым бар, бізде туризм нұсқаушысы деген түсінік те бар. Біз клуб, ең дұрысы тау гидтері мектебін құрғымыз келеді. Батыста бұл кең ұғым және менің идеям трекинг-гидтер мектебінен бастау, яғни адамдарды тау жорықтарына апаратын гидтер. Ол альпинизм емес, қандай да бір экстремалды дүние емес, трекинг-гид – бұл жорықты сауатты ұйымдастыратын, жабдықтарды, мәзірді, тамақты дайындайтын және адамдарды техникалық қиындықтарсыз қарапайым маршрут бойынша қауіпсіз өткізе алатын маман, - деді Александр Голованов.

Еріктілердің және Ұлттық парктегі экотуризмді дамыту жөніндегі жобаның ұмтылыстары ашық, әрі түсінікті болып көрінетін сынды, тек үн қосатын қолдаушыларын табуы тиіс. Неліктен қарсыластардың дауыстары әлі де естіледі? «Тамыр» құрған белсенділер біздің тауларымызда экотуризмнің дамуына қарсыластар бар деп санайды, өйткені шынайы, оң ақпарат жоқтың қасы. Алайда белсенділер ағартушылық және білім беру жұмыстарының қажеттілігі аясында, адамдар өздері тауға келіп, туристік жолдар мен сол жерде болып жатқан демалыс орындарының ұқыпты өзгеруінің нәтижелерін көруі керек деп санайды. Жақын арада қатаң карантиндік шектеулерді алып тастау бізге бұл істі жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген үміт бар. Десек те, жұмыс күндері таулар жаяу және велотуристер үшін ашық, Аюсай шатқалындағы лагерьде жүрген еріктілер оларға бәрін көрсетіп, айтып беруге дайын. Бұл ретте «жүз рет естігеннен гөрі, бір рет көрген артық» деген қағиданың өзектілігі алдыңғы қатарға шығады.