Коронавирус • 17 Тамыз, 2020

Коронавирус жұқтырған 598 дәрігерге 2 млн теңгеден өтемақы төленді

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавируспен күресте еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне шілде айында жалпы 25 млрд-қа жуық үстемеақы төленгенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 598 дәрігерге 2 млн теңгеден өтемақы төленді

"Індет басталғалы бері дәрігерлер күні-түні жұмыс істеуде. Президенттің тапсырмасы бойынша, бір реттік төлем және жалақыларына қосымша үстемеақы төленуде. Шілде айында жалпы 25 млрд-қа жуық үстемеақы жасалынды. Мұндай қолдауға 78 364 маман ие болды", - деді Бағдат Қожахметов.

Оның айтуынша, 17 тамыздағы мәлімет бойынша жұмыс барысында вирус жұқтырған 598 қызметкерлерге 2 млн теңгеден өтемақы төленген.

"Қазіргі уақытта барлық аймақтарда арнайы құрылған коммисия өтемақы бойынша өтініштерді қарастыруда. Вирус жұқтырып алған науқас мамандарымызға және вирус жұқтырып, қайтыс болған мамандарымыздың туыстарына өтемақы төлеуге өтініштер әлі де қабылдануда", - деді ол.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.