Қоғам • 17 Тамыз, 2020

KustoHelp қоры COVID-19-бен күресте қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 1 млн теңгеден көмек береді

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған қазақстандық медицина қызметкерлерінің саны  – 174 адам. Оның ішінде: 98 дәрігер, 40 орта буын медицина қызметкері, 14 санитар, 8 арнайы көлік жүргізушісі, фельдшерлер, зертханашылар және басқа да мамандар. Олар коронавируспен күресте қаза тапқан еліміздің батырлары. Мұндай азамттардың ерлігі еленуге тиіс. Осы ретте #KustoHelp қайырымдылық қоры қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек беруге шешім қабылдады. 

KustoHelp қоры COVID-19-бен күресте қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 1 млн теңгеден көмек береді

Қор қызметкерлері қайтыс болғандардың туыстарымен байланысып, көмек қабылдауға келіскен 141 отбасын анықтады. 2020 жылғы 10-14 тамыз аралығында #KustoHelp қайырымдылық қоры медицина қызметкерлерінің әрбір отбасына 1 млн теңгеден аударды. Қамтылмаған отбасылар бойынша жұмыс жалғасуда. Өйткені, байланыс деректері нақты анықталмаған немесе туыстары байланысқа шықпаған отбасылар бар.

#KustoHelp қайырымдылық жобасын Kusto Group халықаралық компаниясы құрған және Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирус пандемиясы себебінен жарияланған төтенше жағдай кезеңінде халықтың неғұрлым зардап шеккен және осал топтарына көмек көрсетуге бағытталған. Карантин кезеңінде көмектің жалпы көлемі 1 057 654 502 теңгені құрады. 

Төменде халыққа және дәрігерлерге көрсетілген көмектің негізгі бағыттары көрсетілген.

  • Бүкіл Қазақстан бойынша 12 000-нан астам отбасына "Я Алматинец", "Клуб Добряков" және т. б. волонтерлік ұйымдардың қолдауымен жалпы сомасы 153 млн. теңгеге азық-түлік жиынтығы берілді.
  • Отбасы үлгісіндегі балалар үйі үшін 1 шағын автобус және Қостанай мен Жамбыл облыстарының аудандық ауруханалары үшін 2 реанимобиль сатып алынды.
  • Бүкіл Қазақстан бойынша 100-ге жуық медициналық мекемелерге жалпы сомасы 294.3 млн.теңгеге жеке қорғану құралдары, дәрі-дәрмектер және жабдықтар түрінде көмек көрсетілді.
  • 150 кіші медицина қызметкеріне жалпы сомасы 17 млн. теңгеге атаулы материалдық көмек көрсетілді.
  • Қазақстанның 50-ден астам ауруханасының дәрігерлері мен пациенттерін тамақтандыру үшін 176 млн.теңге сомасына KazBeef 80 тонна ет өнімі жеткізіледі.
  • 2020 жылғы 15 тамызда Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің қолдауымен дәрі-дәрмектер – 55 000 Левофлоксацин қаптамасы және 28 330 Меропенем құтысы Қазақстанның облыстық және қалалық ауруханаларына таратылуы үшін «СК Фармацияға» берілді. Көмектің жалпы сомасы 86.7 млн теңгені құрады.
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жасаған тізімдер бойынша коронавирус салдарынан қайтыс болған 141 медицина қызметкерлерінің отбасына материалдық көмек көрсетілді.
  • Тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда, #KustoHelp көпбалалы аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға және салуға көмек көрсетуде. Тұрғын үй бағдарламасының жалпы сомасы 90.4 млн. теңгені құрайды.
  • Семей, Шымкент, Жамбыл және Қызылорда облыстарының оқушыларына 19 млн. теңге сомасына 410 планшет берілді.