Елорда • 17 Тамыз, 2020

Елордада карантиннен соң кәсіпкерлердің 60%-ы жұмысын қайта бастады

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шамамен 8,5 мың адам жұмысына кірісті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Елордада карантиннен соң кәсіпкерлердің 60%-ы жұмысын қайта бастады

Нұр-Сұлтанда ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар, сұлулық салондары және басқа да шағын және орта бизне нысандары жұмысын қайта бастады.

"Қалада тоғыз сауда және ойын-сауық орталығы бар. Жақында жүргізілген тексеру нәтижесі олардың барлығы дайын екенін көрсетті. Бүгіннен бастап шшағын және орта бизнесамамен 8,5 мың адам жұмысқа кірісті. Сондай-ақ бизнестің 60%-ы жұмысын бастады. Кейбіреулер түсініктеме алды, олар кемшілікті түзеткеннен кейін осы аптада ашылады", деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сауда және қызмет көрсету секторын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

Еске салайық, 15 тамызда бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жарлығына сәйкес сауда және ойын-сауық орталықтары аптаның сенбі және жексенбіден басқа бес күнінде жұмыс істейді.

"Сауда орындарында әр 50 метр сайын санитайзер орнатылуы керек. Барлық жерде әлеуметтік қашықтық белгілері бар", деді Р.Ыдырысов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгіннен бастап Қазақстанда карантин шектеулері біртіндеп алына бастады. Сонымен бірге, сарапшылар тойлар мен көпшілік шараларды өткізуге әлі де тыйым салынғанын еске салды. Барлық қоғамдық орындарда қашықтық сақтап, маска тағу, санитайзер қолдану керек.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.