Елорда • 17 Тамыз, 2020

Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша шақырулар саны едәуір азайды

218 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Covid-19 бойынша жедел жәрдем шақыру саны тәулігіне 500-ден 6-ға дейін азайды (83,3 есе төмендеді). Шақырулардың жалпы саны 3 есе – тәулігіне 3 мыңнан 1 мыңға дейін төмендеді. Стационарларда пневмониямен ауыратын науқастардың саны 7 есе азайды. Бұл туралы елорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша шақырулар саны едәуір азайды

Қабылданған карантин шараларының арқасында инфекцияның таралу тізбегін үзіп, медицина ұйымдары мен қызметкерлер жүктемесін едәуір азайтуға қол жеткізілді.

"Қазіргі уақытта стационарларда 343 адам бар. Аурудың шарықтау шегінде 4 мыңға жуық адам болды. Алты аптаға созылған карантиннің арқасында коронавирустың таралуына байланысты жағдай реттелді. Мемлекет қабылдаған шаралар дәрігерлерге өз жұмыстарымен тікелей айналысуға – адам өмірін сақтауға мүмкіндік берді. Медицина қызметкерлері әрбір науқасқа тиісті көңіл бөлді. Біз төмендеу динамикасын жалғастырып қана қоймай, карантин нәтижелерін де бекітуіміз керек. Инфекция таралмауы үшін бәрін жасау керек. Мұны болдырмау тек қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау арқылы ғана мүмкін. Карантинді жеңілдету вирус түбегейлі жойылды дегенді білдірмейді. Оның қаупі әлі де бар. Туыстарыңызды қорғау үшін қатаң санитария нормаларын ұстанып, қонаққа, адам көп жиналатын орындарға барудан бас тарту қажет", деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

16 стационардың алтауы жабылды – олардағы барлық науқастар емделіп шықты. Стационарлардың жүктемесі 99%-дан 17,2%-ға дейін төмендеді. Барлық қалалық емханалар алдын ала жазылу бойынша жоспарлы қабылдауды қайта бастады. КВИ белгілері барларды қабылдау бойынша фильтр-кабинеттердің жұмысы жалғасуда.

Әкімдік медицина мекемелеріне 600-ден астам флоуметр, 500 оттегі концентраторы, 500 арнайы керует, өкпені жасанды желдету және компьютерлік томография аппараттарын жеткізді. Медицина жабдықтары мен дәрі-дәрмек сатып алу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.