Футбол • 18 Тамыз, 2020

Топ ішіндегі төрт үздік

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финал матчтары аяқталып, жартылай финалға шыққан командалар белгілі болды.

Топ ішіндегі төрт үздік

Пандемияға байланысты турнирдің кей­бір ежелеріне өзгеріс енгізілуі кей коман­даларға өз пайдасын тигізіп жатыр. Бір матч­тан тұратын ойынның арқасында екінші деңгейде қалып қойған клубтар барын са­лып, кішігірім сенсация тіркеп жатыр. Мә­селен, ширек финалда Германияның «РБ Лейп­циг» клубы жыл сайын Еурокубок бәсе­келерінің финалында өнер көрсетіп келген Испанияның «Атлетико» командасын 2:1 есебімен жеңіп кетсе, ширек финалда Роналду бастаған «Ювентусты» турнирден шы­ғарып жіберген Францияның «Лион» коман­дасы ағылшынның азулы ұжымы «Ман­честер Ситиден» 3:1 нәтижесімен басым түсті.

Сондай-ақ жартылай финалға «Барсело­на­ны» 8:2 есебімен жеңген «Бавария» мен «Аталантадан» соңғы минутта жеңісті жұ­лып алған ПСЖ клубы жолдама алды. Осы­лайша ½ финалда Германия мен Фран­цияның екі-екі командасы өнер көрсететін болды. Жартылай финалдағы ПСЖ және «РБ Лейпциг» арасындағы матч тамыздың 18-нен 19-на қараған түні, ал «Бавария» мен «Лион» ара­сындағы кездесу 19-нан 20-на қараған түні өтеді. Финал 23 тамызға жоспарланған.