Қоғам • 18 Тамыз, 2020

Көлік апатынан кімдер зардап шегеді?

708 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу барысында Қазақстанның қай аумақтарында әйелдер жол-көлік апатына жиі түсетінін анықтады.

Көлік апатынан кімдер зардап шегеді?

Бас Прокуратураның құқық­тық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәлімет­тері бойынша, былтыр жол-көлік оқиғасынан 24 585 қазақстандық зардап шеккен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, 8%-дан астам (22 541 адам).

Жол апатынан зардап шеккен (соның ішінде ажалға тап болған) ерлер саны бір жыл ішінде 9%-ға өсіп, 13 666 адамды құраған. Ал көлік апатынан зардап шеккен әйелдер саны 20%-ға төмен. Олардың саны – 10 919 адам. Бұл 2018 жылымен салыстырғанда 7%-дан асады. Алайда кейбір аумақтарда зардап шеккен әйелдер саны көбірек. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында және Алматы қаласында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйелдер саны ерлер санынан 1% және 12%-дан асты. Нұр-Сұлтан қаласында зардап шеккен әйелдер саны 7%-дан аса адамға артық. Әйелдердің қатысуымен ең көп апаттық оқиғалар былтыр Алматы қаласында (2 908), Алматы облысында (1 687), Шығыс Қазақстан облысында (995) және Жамбыл облысында (889) болған. Ең азы – Солтүстік Қазақ­стан (163), Атырау (186) және Маңғыстау облыстарында (196).

Freedom Finance Insurance сақтан­дыру компаниясының мәлімет­тері бойынша, 2019 жыл­дың қаңтарынан 2020 тамызы­на дейін, ОГПО міндетті авто­сақтандыру полистерін ер жыныс­ты жүргізушілердің 82% және әйел жынысты жүргізушілердің 18%-ы ресімдеді. Сақтандыру жағдайларын зерттеу барысында, 10 жол-көлік оқиғасының 3-і көлік жүргізуші әйелдердің қаты­суымен болатыны анықталды.

Әйелдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының негізгі себептері: жол жүру бары­сында басқа автомашиналармен аралық қашықтықты бұзу, қара­ма-қарсы жолаққа шығып кету, қиы­лыстағы жаңылыс маневрлер не­ме­се автотұраққа орналасу ба­ры­­сында өзге автокөлікке немесе арт­қа шегіну кезінде зақым келтіру.

Сарапшылар сондай-ақ ер жүр­гізушілердің де маңызды себептерін ай­қындады. Яғни жылдамдықты асыру, жол жүру барысында апат­тық маневрлер жасау, масаң халде көлік басқару және жол қиы­лыс­­та­рын­дағы басымдылықты сақтамау.