"Бүгіннен бастап бірқатар карантиндік шектеу алынып тасталады. Ірі сауда нысандары, кафелер мен мейрамханалар, қоғамдық көліктер және т.б. нысандар жұмыс істей бастады. Мыңдаған кәсіпкерлер жұмысын қайта бастайды. Алайда, әлеуметтік қашықтық, маскалық режим, дезинфекция жасау және т.б. санитарлық талаптар сақталады.
Жақында жұқпалы аурулар ауруханаларында дәрігерлерімізге бір ай бойы көмектескен ресейлік мамандар өз елдеріне аттанды. Мен оларға көрсеткен көмегі мен жоғары кәсібиліктері үшін ризашылығымды білдіремін. Мен мұны тату көршілік қатынастың айқын көрінісі деп түсінемін.
Ресейлік және біздің эпидемиологтардың жалпы пікірінше, коронавирус немесе басқа да жаңа вирустар біздің өміріміздің бір бөлшегі болып қала береді деген болжам айтуда.
Карантиндік шаралар аурудың көбеюін тоқтатуға көмектесті. Бұл айқын факт. Енді бәріміз осы тұрақтылықты сақтап тұру қажетпіз. Алайда, алда қандай қиындықтар күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Жылдың белгілі уақыттарында жұқпалы аурулардың саны күрт артып, келесі аурудың басталуына дейін төмендейтіні белгілі.
Қоздырғыштардың тіршілігі мен белсенділігі, сондай-ақ адамның иммундық жүйесі табиғи факторларға - ауа температурасына, ылғалдылыққа, күн радиациясының қарқынына тікелей байланысты.
Мына қауіпті індеттен көпшілігіміз жақын адамдарымыздан айырылдық. Көбісі бұл аурудан әрен дегенде айығып шықты. Енді біз маусым-шілде айларында болған қиын жағдайдың қайталануына жол бермеуіміз керек. Біз, ең бастысы, инфекцияны адамдар көп шоғырланатын жерлерде жұқтыру әлдеқайда жоғары екенін түсінуіміз қажет. Сондықтан барлық сақтық шараларын ұмытпай, санитарлық талаптарды сақтауымыз, спортпен шұғылдануымыз керек", - деп жазды БҚО әкімі.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.