“Өз қызметін іске асырып жатқандардың бәрін жұмыстарын бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жасауға шақырамын. Бұл біздің барлық салалар мен қызмет түрлерін осы ұзақ карантиннен шығаруымыз үшін қажет ”, - деген үндеу салды Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.
Маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, дезинфекциялық шараларды сақтау керек. Бұл шаралар ШОБ субъектілерінің аумағында қызметкерлер мен келушілердің жұқтыруын болдырмау үшін қажет.