"Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсаты – экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу, облыс тұрғындарына қоршаған ортаға, табиғатқа қамқорлық танытуды түсіндіру. Әсіресе, адамдар көп жиналатын Жайық өзенінің, Индер ауданындағы Тұздыкөл мен Жылыой ауданындағы Қамыскөл көлдерінің жағалаулары мен демалыс аймақтарына рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Аталған су айдындарының жағалауларында ішімдік ішіп, мас күйінде жүргендер –21, жасыл желектерді бүлдірген –28, белгіліленбеген орындарда балық аулаған – 47, белгіленбеген жерлерде суға түскен –247, темекі, қоқыс қалдықтарын тастағандарға қатысты 27 дерек анықталды. Құқық бұзушыларға 1миллион 242 680 теңге айыппұл салынды" - деді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "Таза Қазақстан" республикалық алдын алу іс-шарасы басталғалы бері өңір полицейлері 600-ге жуық хаттама толтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше