Әр халықтың сүйенетін рухани және адамгершілік тіректері бар. Қазақ халқының санасыңдағы осындай іргелі тіректің бірі ойшыл, ағартушы, ақын, композитор Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы.
Абайдың гуманистік философиясында ізгі мақсаттар ашық, таза жүректен туады. Бұзылған адамның ойы қара, мақсаты жаман.
Абай шығармашылығы, оның даналыққа толы философиялық ойлары, қайталанбас поэзиясы, сазды әндері қарапайым халыққа деген қамқорлыққа толы. Олар нағыз рухани байлықтың қайнар көзі. ислам дініне негізделген. Әлем құрлықтарына ислам дінінің таралуы қазіргі шешуші трендке, үдіріске айналуда. Социумда осы нағыз рухани халыққа сүйенетін Гармония заңы өмір бар. Оның бұзылуы ерте ме, кеш пе дағдарыспен, дамудың тоқталуымен, қазіргі коронавирус секілді індеттермен жазаланады. Ештеңе із-түзсіз кетпейді! Себептің артынан салдары келеді! Қазіргі кезеңдегі бүкіл әлемнің денсаулық сақтауы мен экономикалық жаҺандық дағдарысына адамзаттың көп бөлігінің рухани – адамгершілік деградацияға ұшырауы себеп болды. Ұлы Абай осындай жағдайдан сақтандырған болатын.
Ол өз істері мен көкейкесті ойларын Жаратушыдан алған халықтың рухани көшбасшысы болды. Ойшыл өзінің философиясын Шығыс пен Батыстың дүниетанымын жарасымды синтездеуі негізінде заманынан алдыға кетті. Бұлай болуы, оның Шығыс және Еуропалық мәдениеттердің негізгі дүниетанымдық жолдарын қат-қабат қабылдауына жол ашты. Осылардың негізінде ол әлем мен ондағы қызметтің біртұтас образын жасады. Егер де Батыстың ұраны «дүниені өзгерту» болса, Шығыс үшін «өзін тану» маңызды еді. Ал Абай жаңа бағыт «кемел адам болуды» ұсынды. Бұл идея оның дүниетанымы мен өмірінің ерекшелігін айқындады. Абайдың адам және оның рухани негіздері жайындағы ой-түйіндері сөз жоқ философиялық сипатта. Руханият мәселесін Абай өмір бойы назарынан тыс қалдырмады.
Жоғарыда айтылғанның бәрі Абайдың жеке тұлғасында Гармониялық адамның негізгі белгілері бар екендігін дәлелдейді. Өкінішке қарай, тарихта осындай тұлға болу өте сирек кездесетін құбылыс. Ол XIX ғасырда осы деңгейге жетті. Біздің санамызда Абайдың өмірі мен шығармашылығы бір ұлттың ғана емес, әлемдегі миллиардтаған қайырымды жандардың арына айналды. Оның философиялық ойлары, өнегеге айналған өлеңдері Қазақстаннан тыс көптеген елдерге етене таныс. Абайдың өмірі мен шығармашылығын білу адамдардың ұлтына, нәсіліне қарамай рухани – адамгершілік тәрбие беру үшін қажет. Оның еңбектері мен ойлары уақытқа бағынбайды. Абай халықтар үшін өткенді, қазіргіні және болашақты байланастыратын алтын көпір, жол көрсетер жарық жұлдыз болып қала бермек.
Сондықтан БҰҰ Казақстандағы Абай күнін Ұлы Абайдың халықаралық күні ретінде жариялауды ұсынуға барлық негіз бар. Қазір адамдардың көпшілігі рухани игіліктерден безініп, материалдық құндылықтар мен ақшаның соңынан қууға кіріскен жағдайда бұл шараның бүткіл адамзатқа пайдасын тигізері анық.
Ораз БАЙМҰРАТОВ,
Жаһандық Гармония одағының Қазақстан аймақтық ұйымының президенті,
ҰҒА академигі