Футбол • 19 Тамыз, 2020

Алтыншы мәрте чемпион атана ала ма?

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Еуропа лигасының 2019/2020 жылғы маусымының финалына шық­қан командалар белгілі бол­ды. 22 тамызда бас жүлде үшін өтетін матч­та Испанияның «Севилья» мен Ита­лияның «Интер» клубы бақ сынайды.

Алтыншы мәрте чемпион атана ала ма?

Турнирдің жартылай финалында «Интер» Украинаның «Шахтер» клубымен кездесіп, 5:0 есебімен тас-талқанын шығарды. Милан коман­дасынан Мартинес пен Лукаку дубль авторы атанса, Д’Амброзио бір голмен өз есімін таблоға жазып қойды. Бүгінге дейін Италия клубы Еуропа лигасының финалына төрт мәрте шығып, үшеуінде кубокты басынан асыра көтерген. Бір мәрте жеңіліс тапса, турнирде ең кейінгі рет 1998 жылы чемпион атанған.

Ал «Севилья» клубы Еуропа лигасында ең көп жеңімпаз атанған және ең көп финалға шыққан әлемдегі жалғыз команда. Испаниялықтар турнирдің финалына бес рет шығып, бесеуінде де кубокты иеленген. Тіпті 2014, 2015, 2016 жылдары қатарынан үш мәрте чемпион болғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Міне, биыл алтыншы мәрте кубокты иеленуге жақын тұр. «Севилья» жартылай финалда Англияның «Манчестер Юнайтед» клубын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

«Севилья» және «Интер» арасындағы Еуропа лигасының финалдық матчы 22 та­мызда Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.