Кино • 19 Тамыз, 2020

Патшайымдар мен ханшайымдар туралы деректі фильм түсіріледі

772 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әр ғасырларда Ұлы далада билік жүргізген хандардың жұбайлары мен қыздары, сондай-ақ билік тізгінін қолдарына алған патшайымдар мен ханшайымдар туралы «Властительницы Евразии» жобасы қолға алынып, деректі фильм түсіріледі, – деп хабарлайды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі.

Патшайымдар мен ханшайымдар туралы деректі фильм түсіріледі

Идеяны ҰКҚМО жанындағы сараптамалық кеңес пен Ведомствоаралық комиссия қолдаған. Фильмді түсіруді қоюшы-режиссер Алексей Каменский қолға алмақ. «Студия Мерген» компаниясымен бірге.

Картина авторлары біздің түріктің  жауынгер қызы Зарина, Пальмира патшайымы Зенобия, сұлтан ханым Роксолана, қытай император ханымы У Цзэтянь, Дели сұлтанатындағы Разийя-хатун немесе Египеттегі Шаджаррат ад-Дурр сынды әйгілі шығыс билеуші әйелдері жайлы білеріміз аз екендігіне сенімді. Олар сол дәуірлердегі еуропалық салтқа қарағанда түркі-моңғол қоғамындағы әйелдердің құқығы әлдеқайда кеңірек болғанын көрсеткісі келеді. Хандардың жұбайлары меншікті мүлікке иелік еткен, билеуші тараптың әйел өкілдері заңды негізде құрылтайларға қатысқан, кейде маңызды мемлекеттік шешімдерді өз бетінше қабылдаған. Билеушілердің жұбайлары және қыздарының ірі қожалықтары мен әскерлері болған, олар қайырымдылықпен айналысқан және өнерге қамқоршылық жасаған.

Орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еуразия билеуші әйелдерінің өмірі жайлы ең қызықты фактілерді әңгімелеп беретін ғалымдар мен сарапшылардың тізімі келісіліп қойған. Олар Қазақстан,  Ресей және  Венгрия мамандары. Түсірілімдер Самарқанда, Қазанда, Санкт-Петербургте, Оралда және Венгрия аумағында, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда, Алматы және Алматы облысында жүзеге аспақ.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.