Қоғам • 19 Тамыз, 2020

Жүрсін Ерман: Праймериз ел тағдырына жаны ашитын азаматтарды іріктеуге көмектеседі

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Nur Otan" партиясының хатшысы А.Қырықбаевтың ақын-жазушылар және өнер майталмандарымен праймериз бойынша онлайн-конференциясында белгілі ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман праймеризге ақын-жазушылардың да қатысып жатқанын айтты.

Жүрсін Ерман: Праймериз ел тағдырына жаны ашитын азаматтарды іріктеуге көмектеседі

"Праймериз партияішілік іріктеудің үлкен тарихи оқиғасы екенін бәріміз аңғарып отырмыз. Қоғамдағы озық ойлы, көзқарасы қалыптасқан, байыпты, елдің тағдырына жаны ашитын азаматтарды іріктеу деген бұрын соңды болмаған", - деді Жүрсін Ерман.

Оның айтуынша праймеризге қатысушылардың қатарында айтыс ақындары да бар.

"Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағынан 6-7 жігітіміз осы праймеризге қатысуға шешім қабылдап отыр. Олар осы уақытқа дейін халықтың сөзін сөйлеп,  үнін жеткізіп жүрген азаматтар. Аманжол Әлтаев, Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев, Серікзат Дүйсенғазы, Айтбай Жұмағұлов сынды жігіттердің қай қайсысы болса да ел алдында сөйлей алатын азаматтар. Кешегі Алаш арыстарының идеясы олардың бойына әбден сіңген. Әсіресе жердің тағдыры, ел тағдыры, ұлттық салт-дәстүрге басымдық беру деген дүниелер олардың қанына сіңген қасиет. Елдің, халықтың сөзін сөйлер азаматтардың орнын толтырып отыратын жігіттерге сәт-сапар тілейміз. Праймеризді халыққа жақындаудың бір пішіні ретінде қабылдаймыз. Халықтың ішінде ел дегенде, жер дегенде жүгіріп қызмет ететін небір асыл азаматтар жүр. Праймериз соларды табуға, іріктеуге көмектеседі", - деді ол.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.