Экология • 20 Тамыз, 2020

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы уақытымен 06 сағат 32 мин 22 сек (2020 жылғы 20 тамызда 00 сағат 32 мин. 22 сек. Гринвич бойынша) жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы сейсмикалық станциялар желісі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан мен Қытай шекарасында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 707 шақырымда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.6. MPV магнитудасы 3.9. Эпицентр координаттары 47.00° С. Е. 84.11° С. Д. тереңдігі 10 шақырым. Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша) жоқ", деп хабарлады сейсмикалық станциялар желісі.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.