Қоғам • 20 Тамыз, 2020

Ұрлықты тұрақты кәсіпке айналдырған азамат ұсталды

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының полициясы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде алаяқтық және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған, Ақтөбе облысының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Ұрлықты тұрақты кәсіпке айналдырған азамат ұсталды

Анықталғандай, күдікті дәмханалар мен дүкендерге кіріп, елдің қарбалас сәттерін пайдаланып, азаматтардың ұялы телефонын ұрлаған. Сондай-ақ ол тұрғындардың сенімін пайдаланып, қоңырау шалу сылтауымен ұялы телефондарды сұрап алып, содан кейін көзден ғайып болады екен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта ол осы жылдың шілде айынан бері жасалған сегіз қылмысы үшін күдікке ілінді. Азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

"Аталған тұлғаның заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне немесе 8(7172) 71-60-69, 71-61-48 немесе "102" телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз", дейді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің өкілдері.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.