Спорт • 20 Тамыз, 2020

"Канело" мен Головкин қыркүйек айында үшінші рет жекпе-жек өткізуі мүмкін

2058 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда кәсіпқой бокстағы ең маңызды деген кездесулерді ұйымдастырып жүрген DAZN стимингтік компаниясы мексикалық кәсіпқой бокс жұлдызы Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші кездесуді ұйымдастыруға қатты қызығып отыр, деп жазады Egemen.kz.

"Канело" мен Головкин қыркүйек айында үшінші рет жекпе-жек өткізуі мүмкін

Бұл екі боксшы бұған дейін екі мәрте кездескен. Бірінші кездесу тең нәтижемен аяқталса, екінші кездесуге "Каноло" төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Енді жақын арада үшінші рет кездесуі әбден мүмкін. Ол үшін Сауль "Канело" Альварестің кездесулерін ұйымдастыратын DAZN компаниясы мексикалық боксшыға 40 миллион доллар көлемінде сыйақы беруге дайын.

Негізі осы аптада "Канелоның" командасы боксшының келесі қарсыласын жариялаған болатын. Ол түркиялық боксшы Авни Йылдырым. Кездесу 12 қыркүйекте өтуі керек.  

Головкиннің де қарсыласы белгілі. Отандасымыз орта салмақтағы IBF белбеуін польшалық Камиль Шереметеға қарсы қорғауы қажет. Бұл айқас қазан айына белгіленген. 

Бірақ DAZN дәл қазір екі боксшыға да қарсыластарын ресми бекітпей отыр. Себебі, ол кездесулерден компания ақша жасай алмайды. Сол үшін де компания қайта "Канеломен" Головкин бір-біріне қарсы қоюға ниетті. Бұл кездесу осы жылдың қыркүйек айында өтуі ықтимал. Альварестің сыйақысы 40 миллион, ал Головкиннің гонорары 30 миллион болуы мүмкін. 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.