Қоғам • 20 Тамыз, 2020

Қарулы Күштерде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі бекітілді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 139-бабы 3-тармағына сәйкес Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылатын, әскери-медициналық мекемелерінің (ұйымдарының) дәрілік формулярына енгізілмеген Тізімін бекіту» бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарулы Күштерде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі бекітілді

Бұйрық жобасын қабылдау Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылатын, әскери-медициналық мекемелерінің (ұйымдарының) дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталымен танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.