Спорт • 20 Тамыз, 2020

Левандовскиге Роналдудың рекордынан асып түсу мүмкіндігі туды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Бавария" командасының шабуылшысы Роберт Левандоски Чемпиондар лигасының финалдық кездесуінде Криштиану Роналдудың рекордын жаңартуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

Левандовскиге Роналдудың рекордынан асып түсу мүмкіндігі туды

Франциялық "Лион" командасына қарсы өткен кездесуде польшалық шабуылшы бір гол соқты. Ал есеп 3:0 есебімен аяқталған еді. Бұл Левандовскидің биылғы маусымдағы осы турнирде соққан 15-ші голы болатын.

Жалпы Чемпиондар лигасында бір маусымда ең көп гол соққан футболшы Криштиану Роналду. Португалия құрамасының шабуылшысы 2013/14 жылғы маусымда "Реал" сапында 17 гол соққан еді. Ал 2015/16 маусымда ол 16, 2017/18 жылы 15 гол соққан. 

Левандоскидің бұл рекордты қайталануына тіпті жаңартуына мүмкіндігі бар. Ол үшін шабуылшы финалдық ойында 2 немесе 3 гол соғуы керек. 

Айта кетейік, Бавария" және ПСЖ арасындағы финал 23 тамыздан 24 тамызға ауысқан түні "Эштадиу да Луш" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

"Бавария" үшін бұл 11- финал болайын деп тұр. Ал ПСЖ болса бірінші рет финалға шықты.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.