Әлем • 20 Тамыз, 2020

Қытайдағы су тасқыны: Өзен суы Будда мүсініне жетті

962 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Янцзы өзенінің суы Оңтүстік Қытайдағы су тасқынына байланысты әлемдегі ең биік мүсіндердің бірі - Будда мүсініне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Қытайдағы су тасқыны: Өзен суы Будда мүсініне жетті

Соңғы 10 жылда алғаш рет  Янцзы өзенінің суы көтеріліп, миллиондаған тұрғынның жергілікті жері мен үйлерін қиратты. Өзен суының қатты тасығаны сонша, ол Будда мүсініне дейін жеткен. Полиция және басқа да қызметкерлер мүсінді көтерілген судан қорғайтын бөгет жасады.

Маусым айында басталған бұл зілзала салдарынан 55 миллион адам зардап шекті. 2,2 миллионнан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 141 адам із-түзсіз жоғалып кетті. 

Мүсін орналасқан Сычуань провинциясында жергілікті билік алғаш рет су тасқынына жауап беру деңгейін ең жоғары деңгейге көтерді. Су тасқыны үйлерді басып қана қоймай, жергілікті жолдарға, фермаларға және дақылдарға айтарлықтай зиян келтірді. Су тасқынынан болған бұл шығын 21 миллиард долларға бағаланды.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.