Экономика • 20 Тамыз, 2020

Сауда саласында бәсекелестік артып келеді

479 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде белгілі болды. Екінші тоқсанның қорытындылары бойынша, құрылысты қоспағанда, барлық салалардағы кәсіпорындар арасында бәсекелестіктің өсуі байқалған. Бұл жаңалықты Ұлттық банк жүргізген сауалнама нәтижелері дәлелдейді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің сайтына сілтеме жасап.

Сауда саласында бәсекелестік артып келеді

Тоқсан сайынғы сауалнамаға тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібінің, құрылыс, сауда, көлік және қойманың 2,5 мыңға жуық кәсіпорны қатысты.

Сауалнамаға сәйкес, екінші тоқсанда құрылысты қоспағанда, барлық секторлар үшін бәсекелестіктің маңызы артыпты. Сауда нарықтық бәсекелестіктің ең көп зардап шеккен саласы болып қала бергенмен, оның үлесі бұрынғыдай 39,6% құрайды, ал тау-кен өндірісі саласындағы көрсеткіш 12,2%. Қалған салаларда көрсеткіш 22% мен 30% тербеліп тұр.

Қаңтар-маусымда Қазақстан экономикасының ІЖӨ 1,8% төмендеді. Төтенше жағдай және шектеулі карантиндік шараларды енгізу аясында қызмет көрсету саласы ең көп зардап шекті. Өнімге сұраныстың төмендеуі бизнесті жүргізуге тағы бір кедергі болып отыр.

"II тоқсанда қаралып жатқан барлық салаларда осы жылдың бірінші тоқсанында басталған кәсіпорындардың өніміне сұраныстың төмендеу үрдісі жалғасуда, ең аз төмендеу өңдеу өнеркәсібінде байқалды. III тоқсанда сұраныстың одан әрі төмендеуі мүмкін. Бірақ ол қалыпты жағдайда төмендейді", деді Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов,

Сауалнамаға сәйкес, алдағы 12 айда барлық салалардағы қаржыландыру өзгеріссіз қалады. Негізгі айналым көзі - бұл әлі де кәсіпорындардың өз қаражаты. Респонденттер Ресей рублін шетелдік серіктестермен есеп айырысуда қолданылатын негізгі валюта деп атады. Ең алдымен, рубльді өндіріс кәсіпорындарының 62,1% пайдаланады екен. Саудада - 56%. Ал кен өндіру өнеркәсібінің АҚШ долларына деген ықыласы жоғары. Пайызбен есептесек – 61,7%. Екінші тоқсанда ең көп теңге тау-кен өндірісі және өңдеу кәсіпорындары қолданды (тиісінше 17,6% және 17,3%).

Сонымен бірге, сауалнама жүргізген компаниялар теңгенің АҚШ долларына және Ресей рубліне қатысты бағамының өзгеруінің теріс әсерінің төмендегенін атап өтті.

Екінші тоқсанда құрылыс компаниялары мен көлік және қойма өнеркәсібі банктік заемдарға қол жетімділіктің төмендеп кеткені байқалады.

Несиелік шарттары қолайсыз кәсіпорындардың көпшілігі құрылыс саласына қатысты (17,8%). Бұл салада теңгемен де, шетел валютасымен де алынған несиелер бойынша ең жоғары пайыздық мөлшерлемелер бар (тиісінше 13,4% және 8,3%).

Қарыз алуға ниет білдірген кәсіпорындардың ең көп үлесі 2020 жылдың үшінші тоқсанында өңдеу өнеркәсібінде және саудада байқалды (тиісінше 20,9% және 18,3%), ал ең азы тау-кен өнеркәсібінде (7,4%).