Қоғам • 21 Тамыз, 2020

МӘМС: Сақтандыру мәртебесі туралы жиі қойылатын сауалдар

466 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден кімдер босатылды? МӘМС жүйесінде мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болып шықса, қайда жүгінуге болады? Азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған санаты тарапынан жиі қойылатын осы және өзге де сауалдарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Дәулетшина жауап береді.

МӘМС: Сақтандыру мәртебесі туралы жиі қойылатын сауалдар

– Айнагүл Хабдонғали­қызы, Ә­леу­меттік медицина­лық сақ­тандыру қорына мемлекет кім­дер үшін жарна төлейді?

– Мемлекет әлеуметтік аз қам­­тылған санат ретінде анық­талған азаматтардың 15 жеңіл­дік санаты үшін медицина­лық сақтандыру жарнасын төлей­ді. Олар – балалар, жұмыс­сыз ретінде тіркелген тұлға­лар, жұмыс істемейтін жүкті әйел­дер, бала тәрбиелеп отырған және бала 3 жасқа толғанға де­йін оның күтімімен айналысып отыр­ған жұмыс істемейтін ана­лар (кей жағдайда әкелер/басқа тұлғалар), бала тууына, жа­ңа туған баланы немесе бала­лар­ды асырап алуға байланыс­ты, бала 3 жасқа толғанға де­йін оның күтімі бойынша дема­лыс­тағы адамдар, 18 жасқа тол­ған­ға дейін мүгедек балаға кү­тім жасап отырған жұмыс істе­мей­тін тұлғалар, бала кезінен I топ­тағы мүгедекке күтім жа­­сай­­тын жұмыс істемей­тін адам­дар, зейнетақы төлем­дерін алу­­шы­лар, оның ішінде ҰОС қатысу­шы­лары мен мүгеде­ктері, қыл­мыс­тық-атқару (пенитен­циар­лық) жүйесі мекемелерінде (қауіп­сіздігі барынша төмен меке­мел­ерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүр­ген адамдар, тергеу изоляторларында отырған адамдар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» ал­қа­ларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» орден­дерімен марапатталған көпбалалы аналар, мүгедектер, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, сон­дай-ақ жоғары оқу орнынан ке­йінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын тұлғалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы жұмыс істемейтін тұлғалар.

– Бұл азаматтар әлеуметтік аз қамтылған санатқа жа­та­тындығы туралы құжаттарды қандай да бір мекемеге тапсыруы қажет пе?

– Жоқ. Әлеуметтік мәртебе басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен Қор­дың ақпараттық жүйесіне бері­леді. Әлеуметтік медицина­лық сақтандыру жүйесінде «сақ­тандырылған» мәртебесі автоматты түрде беріледі.

– Егер азамат ресми түрде жұ­мыс­сыз болса, кейін жұмыс тап­ты делік, мемлекет ол үшін ақы тө­леу­ді жалғастыра бере ме?

– Жоқ. Бұл жағдайда азамат­тың әлеуметтік мәртебесі авто­матты түрде жалдамалы қыз­мет­керге ауысады және мемлекет ол үшін аударымдар жасауды тоқтатады. Сондай-ақ егер азамат жеке кәсіп ашса немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлей бастаса, мемлекет ол адам үшін де ақы төлеуді тоқтатады.

– Қандай жағдайларда студент сақтандырылмаған болуы мүмкін? 

– ЖОО студенттер туралы де­ректерді азаматтардың жеңіл­дікті санатына енгізу үшін Білім және ғылым министр­лігіне, содан кейін ақпараттық жүйе­лерді интеграциялау арқы­лы ӘМСҚ-на береді. Егер студент тізімге енгізілмесе және МӘМС жүйесіндегі мәртебесі «сақ­тан­дырылмаған» болса, оның себебін анықтау үшін өз ЖОО-ның деканатына жүгінуі қажет.

– Егер азамат әлеуметтік аз қам­тылған санатқа жатса, бірақ міндетті медици­на­лық сақтандыру жүйесін­дегі мәртебесі «сақтандырыл­маған» болса, не істеу керек?

– Егер азамат 15 жеңілдік сана­тының біріне жатса, бірақ МӘМС жүйесінде «сақтан­дырылмаған» болып шықса, себебін анықтау үшін Әлеумет­тік медициналық сақтандыру қорының 1406 бірыңғай байланыс орталығына жүгінуі немесе өтінімді Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жолдауы керек немесе қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалына баруы қажет. Себептері әртүрлі болғандықтан, әрбір жағдай жеке-жеке қарастырылады.

Егер сақтандырылмаған болса да, әр азамат мемлекет ке­пілдік берген тегін медици­налық көмек пакетінде медициналық көмек алуға құқы бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрі­гер, педиатр, жалпы практика дәрігер мамандарының қа­был­­­дауы, дәрігерді үйге шақы­­ру, жедел жәрдем, емхана мен ста­цио­нар деңгейіндегі шұ­ғыл көмек, әлеуметтік маңы­зы бар, жұқпалы аурула­рды, онколо­гия­лық аурулар­ды емдеу осы пакетке кіреді және сақтанды­рылған-сақтандырыл­мағанына қарамастан азамат­тардың барлы­ғына тегін көрсетіледі.

 

Әңгімелескен

Думан АНАШ,

«Egemen Qazaqstan»