Футбол • 21 Тамыз, 2020

Чемпионат мерзімінен бұрын аяқталды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің арнайы отырысында футзалдан ел біріншілігі 2020 жылдың 12 наурызындағы турнир кестесімен аяқталғаны белгілі болды.

Чемпионат мерзімінен бұрын аяқталды

ҚФФ Атқарушы комитетінің бұлай шешім қабылдауына карантин шаралары жалғасып, жабық спорт нысандарында жарыс ұйымдастыруға тыйым салынғаны, біріншіліктің 70 пайыз ойындары өтіп қойғаны, футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасына қатысатын қазақстандық командаларды анықтау және турнирге қатысу үшін өтінішті тез арада жіберу қажеттілігі себеп болған.

Футзалдан ішкі біріншілік уақытша тоқтатылғанға дейінгі турнир кестесінде Алматының «Қайрат» клубы 16 ойыннан кейін 44 ұпаймен көш бастап тұрған. Ал 20 матч өткізген Ақтөбенің «Ақтөбе» клубы 36 ұпаймен екінші орында болған. Осылайша футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасында ел намысын «Қайрат» пен «Ақтөбе» қорғайды.