Аймақтар • 21 Тамыз, 2020

Атырауда жол ережесін бұзушылардан 344 млн теңге айыппұл өндірілді

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Сергек» камералары орнатылып, полицейлер жіті бақылау жасаса да жол ережесін бұзу  азаймай отыр. Кінәлілерге 488 млн теңгеден астам айыппұл салынса да,  айылын жияр емес.

Атырауда жол ережесін бұзушылардан 344 млн теңге айыппұл өндірілді

«Биыл жыл басынан бері 57 993 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді. Оның 38 000-нан астамы Атырау қаласында анықталды. Жол қозғалысын бұзушылардың арасында көлік құралдарын мас күйінде басқарған 467 жүргізуші бар. Ал, 2 285 жүргізуші ұялы телефондыпайдаланса, 17 483-і жылдамдықты арттырған. Жолдың қарсы жолағына 203 жүргізуші шығып, 547-сі жаяу жүргіншіні жібермей қойған. Қауіпсіздік белдігін тақпай, жолаушы тасымалдау ережесін сақтамаған 5 063 жүргізуші ұсталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жол ережесін бұзудан жаяу жүргіншілер мен басқа қатысушылар да қалыспайды. Олардың кінәсінен 4 261 дерек тіркеліп отыр. Жол ережесін бұзушыларға 488 млн 18 мың 853 теңге айыппұл салынып, 344 млн 403 мың 606теңгесі өндірілді.