Елорда • 21 Тамыз, 2020

Елордалық фельдшерлер адамды өлім аузынан алып қалды

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 тамыз күні кешкі сағат 10-да "103" пультіне шұғыл қоңырау түсті. 81 жастағы қария бас ауруы мен дене қысымының 180-ге көтерілгеніне байланысты шағымданады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Елордалық фельдшерлер адамды өлім аузынан алып қалды

Алайда қоңырау түскен мекенжайға келген Ілияс Оңғарбаев пен Аубакир Айдана есімді фельдшерлер қарияның сол аяқ-қолы қимылсыздығы және беттің қисаюына әкеп соққан ауыз бұрышының әрекетсіздігін байқады. Науқасты шұғыл түрде ауруханаға апару тиіс екені бірден белгілі болды.

"Кіреберісте қария жүрек ұстамасына ұшырады. Арнайы құрылғы науқастың жүрек ырғағы жоғарлағанын көрсетті. Бәрі бірер секундтің ішінде болды. Ауруханаға тезірек жетеміз дегенде, клиникалық өлім тіркелді. Біз шұғыл медициналық көмек көрсеттік. Бұл жерде әрбір секунд бағалы", деп еске алып отыр фельдшерлер.

Адам өмірі фельдшерлердің шұғыл әрекеті мен көрсетілген медициналық көмектің арқасында құтқарылғаны сөзсіз. Дефибрилляторды қолдану арқылы науқастың жүрек соғу жылдамдығы қалпына келтірілді. 8 минуттан соң науқас  №2 Көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізіліп, әрі қарай мамандандырылған көмек көрсету үшін реанимациялық тобқа тапсырылды.

Қазіргі таңда науқастың денсаулық жағдайы тұрақты болып отыр, дәрігерлердің толық бақылауында.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.