Қазақстан • 21 Тамыз, 2020

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

702 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің хабарлауынша, 22 тамызда Қарағанды облысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында күндіз 22 тамызда найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қаласында22 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында 22 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.

Петропавл қаласында 22 тамызда найзағай  күтіледі.

22 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

22 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Күндіз 22 тамызда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 70-100 %

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.