Аймақтар • 22 Тамыз, 2020

Жұмыла білсек, жемқорлықты жеңеміз

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордадағы "Antikor ortalygy" сервистік орталығында ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязовтың қатысуымен тікелей эфир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жұмыла білсек, жемқорлықты жеңеміз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмасына арналған тікелей эфирде халықтың билікке деген сенімін ояту, сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында ұсыныс-пікірлер айтылды. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы мемлекеттік органдар жұмысына қоғамдық бақылауды күшейту мәселесін көтерсе, облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов халықтың құқықтық сауатын көтеру жайлы айтып өтті. Ал департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, айтылған ұсыныс-пікірлердің ескерілетіндігін жеткізді.